ЖАМБЫЛ: ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАМБЫЛ: ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев, мешітке жиналған  жамағатқа  «Құрбан шалудың маңызы» атты тақырыпта үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді. Құрбан айт күндері мұсылманның атқаратын ең жақсы ісі – құрбандық шалу. Осы арқылы пенде Алла Тағалаға жақын болады, күнәлары кешіріледі.

Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкіршілік білдіреді, бай мен кедейге кеңшілік жасалады. Қиямет күні шалған құрбандығы пенденің пайдасына куәлік етеді. Бауыздалатын малдың тамағына пышақ тартқанда шыққан қан жерге түспей тұрып, оның сауабы Алла Тағаланың құзырына жетіп барады.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: