Қызылқайнар ауылы «Бейсеу ата» мешітінің имамы Ермухамбет Байсүгір жамағатқа «Исламдағы отбасы құндылықтары» тақырыбы бойынша уағыз- насихат айтты. Бүгінгі Қазақстанның дамыған елдердің қатарына ену жолында қазақ халқының дінге берік болуы, тілі мен ділін сақтауы өте маңызды.
Ислам дінімізде отбасы құндылықтарын сақтау жолдары өте нәзік суреттелген. Ислам әйел адам мен ер адам бір-бірін толықтырып тұратындығын және бір-бірі үшін тірек болатындығын бекітіп, қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 187 аятында: «Олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер» — деген.
Сондай-ақ, Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетінде әйел адамға ерекше көңіл бөліп, оның ар-намысын қорғап, қоғамда лайықты орынға ие болуын қамтамасыз етеді. Құранда Алла Тағала ер мен әйелдің бір-бірі үшін жаратылғандықтан, өз теңін тауып, отбасын құрғанда жандары тыныштық тауып, бақытты ғұмырдың алғышарттарына қол жеткізетіндігін баяндаған.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі