Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу және жамағаттың ақпараттық сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Жасөркен ауылы «Тұрыс» мешітінің имамы Бауыржан Досмухамбетов мешіт жамағаты арасында «Жат ағымнан аулақ болайық!» тақырыбында үгіт-насихат жұмысын өткізді.
Жамағатқа экстремизм зайырлы қоғамдағы демократияны жоққа шығаратын саяси іс-әрекет екенін айтып, экстремизмнің негізгі белгілері туралы ақпарат беріп, жамағаттың дұрыс діни түсініктерін дамытып, ағарту жұмыстарын жүргізді. Жасалған шара соңында жамағат жалпы өздері алған мағлұматтармен бөлісті.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі