Шоқай ауылы «Уәли Қалпе» мешітінің молдасы Ержан Сапарбеков, мешітке жиналған жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында түсіндірме жұмысын жасады. Дін мен дәстүр сабақтастығы көптен бері қаузалып келе жатқан тақырып. Біз осынау маңызды мәселеге қатысты шарғи көзқарасты білдіруіміз қажет.
Көздегеніміз қазақтың салт-дәстүр тарихын бүге-шігесіне дейін айту емес, ол осы саладағы мамандардың ісі, мұратымыз қазірге дейін сақталып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сананың негізі мұсылманшылықта жатқандығын дәлелдеу. Себебі, соңғы кездері қазақты түрлі деңгейде Исламнан алыстатуға тырысушы пікірлер пайда болды.
Кейбірі теріс пиғылмен әдейі әрекет етсе, енді бірі білместікпен надандық дәуіріне тартады. Бірі қазақ халқының негізгі діні бақсылық десе, енді бірі қазақ сахарасында басқа да діни дәстүрлер басым болды, қазақ мұсылманшылықтан алыс болды деген негізсіз пікірлерін тықпалайды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі