Қызылқайнар ауылы «Бейсеу ата» мешітінің имамы Ермухамбет Байсүгір, мешітке келген жамағатқа «Дін мен дәстүр құндылықтары» атты тақырыпта түсіндірме жұмысын жасады. «Ислам дінінде ешқандай кемшілік жоқ.
Бар мәселе біздің оны дұрыс түсінбеуімізде. Ислам әлемінің өз кемеліне келмей, көштен кенже қалып, тоқырауы дінге байланысты емес, оның себебі, азған ақыл, зейінсіз жүрек, түйсіксіз түсініктің салдарынан және дін мен түйінді мәселелері көп қазіргі өміріміздің өзара үйлесімін терең түсіне алмауда, бұл өз кезегінде дәстүрімізді ұстануға да әсер етіп, ұштастыра алмай жатамыз» деп имам маңызды мәселені тереңінен қозғады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі