Өрнек ауылы «Өрнек» мешітінің жамағаты қасиетті мерекеміз - Құрбан айт қарсаңында мешіт айналасын тазалап, мерекені тазалықпен қарсы алды. Дін Исламда тазалықтың рөлі ерекше әрі өте маңызды. Қандай құлшылық болмасын ең алдымен тазалық болуы шарт. Исламда тазалық тек сыртқы көрініспен ғана өлшенбейді.
Сыртыңмен қатар ішкі жан- дүниең де таза болуы шарт. Өйткені Жаратушы Алла Құранда Бақара сүресінің 222 аятында: «Алла Тағала тазалар мен тәубе етушілерді сүйеді» деп бұйырады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі