Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылында "Саурық ата" мешітінің молдасы Ердосов Қоштай атамыздың ұйымдастыруымен "Бабалар жолы" атты іс - шара өткізілді.
Бұл іс - шарада әуелгі ата - бабаларымыздың ұстанып келген дін жолы мен дәстүр құндылықтары дәріптелді. Бабаларымыз дәстүрлі діннің негізін бұзбай ұстанып келсе, қазіргі таңда жат жолды ұстанушы бірқатар топтардыда байқап жүрміз. Ел ішіне дұрыс емес діни бағытты насихаттап жүрген ағымдардың әрекеттерінің бұрыс екендігін жеткізу мақсатында осындай іс - шаралар имамдардың тарапынан өткізілуде.
Мойынқұм тілшісі.