Жамбыл облысының бас имамы Жуалы ауданының әкімімен кездесті

Жамбыл облысының бас имамы Жуалы ауданының әкімімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Жуалы ауданына іссапармен барып, аудан әкімімен кездесу өткізді. Кездесуге Жуалы ауданының бас имамы Ғалымжан Қабылбекұлы мен «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Әбдіқадір Сейтқали де бірге барды.

Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, рухани тәрбиенің өзектілігі, халықтың діни сауатын арттыру және дін мен дәстүр үндестігін нығайту бағытында пікір алмасылды.

Аудан басшысы кездесуде бас имамға жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» атты кітабын сыйға тартып, бұл еңбектің рухани маңызына тоқталды. 

Асқар Зәкіржанұлы ел ішіндегі діни тұрақтылықты сақтау мен имандылықты насихаттауда жергілікті билікпен өзара әріптестік негізінде жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

"Һибатулла Тарази" мегітінің баспасөз қызметі

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: