ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Жуалы ауданына жасаған сапары аясында аудан имамдарымен арнайы кездесу өткізді. Жиынға Жуалы ауданының бас имамы Ғалымжан Қабылбекұлы бастаған өңір имамдары қатысты.
Кездесуде Асқар Зәкіржанұлы имамдардың атқарып жатқан қызметіне сәттілік пен береке тілеп, діни қызметтің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің ел мен жерге, халыққа шынайы ықыласпен қызмет етуі – қоғам бірлігі мен рухани тұрақтылықтың негізі екенін атап өтті.
Бас имам имамдардың діни білімін жетілдіру, мешіт жұмысын тиімді ұйымдастыру және жамағатпен тығыз байланыс орнату сынды бағыттарда нақты ұсыныстарын жеткізді. Өз кезегінде имамдар да сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу имамдар арасында ынтымақты арттырып, ортақ мақсат жолында біріге жұмыс істеудің маңызын айқындай түсті.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі