ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Жуалы ауданына жасаған сапары барысында Көлбастау ауылындағы “Құли баба” мешітін арнайы барып, мешіттің жалпы ахуалымен, тыныс-тіршілігімен танысты.
Облыстың бас имамын мешітте Жуалы ауданының бас имамы Ғалымжан Қабылбекұлы мен “Құли баба” мешітінің имамы қарсы алып, мешіттің тарихы мен бүгінгі қызметі жайлы кеңінен таныстырды.
Зерделеу барысында мешіттің ішкі-сыртқы жағдайы, жамағатпен жұмыс, діни рәсімдердің орындалу тәртібі және мешіт жанындағы діни ағарту бағытындағы іс-шаралар туралы айтылды. Асқар Зәкіржанұлы мешіт ұжымының жұмысына оң баға беріп, имамдарға халыққа адал қызмет ету жолында табыс тіледі.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі