КӨЛБАСТАУ АУЫЛЫНДА МЕШІТ АСХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

КӨЛБАСТАУ АУЫЛЫНДА МЕШІТ АСХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында орналасқан "Құли" мешітінің жанынан бой көтеріп жатқан жаңа асхананың құрылысымен танысты.

Іссапар барысында Жуалы ауданының бас имамы Ғалымжан Бірдібекұлы мен аталған мешіттің имамы Бас имамға құрылыс барысын таныстырып, жоспармен бөлісті. Мешіт жанынан салынатын асхана – жамағат игілігі үшін, түрлі рухани әрі қайырымдылық шараларды өткізуге арналған нысан болмақ.

Игі іске атсалысқан жандарға Бас имам ризашылығын білдіріп, Алла разылығы үшін жасалып жатқан құрылыс жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар имам аталған мешітте жұма уағызын жүргізіп, жамағатқа рухани дем сыйлады. 

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: