#Шу: “Кәрібай молда” мешіті “Имани жаз – 2025” діни сауат ашу курсы өтуде

#Шу: “Кәрібай молда” мешіті “Имани жаз – 2025” діни сауат ашу курсы өтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы “Кәрібай молда” мешітінде “Имани жаз – 2025” жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын жалғастыруда. Курстың мақсаты – жас буынға имандылық негіздерін үйретіп, рухани тәрбие беру.

Балаларға Алланың көркем есімдері, дұғалар, әдеп қағидалары мен Құран әріптері үйретілуде. Сабақтарды тәжірибелі ұстаз Байториева Ғалия жүргізіп, шәкірттерге түсінікті әрі қызықты түрде білім беруде.

Ата-аналар тарапынан үлкен қолдау тапқан бұл курс балалардың жазғы уақытын тиімді өткізіп, рухани дамуына сеп болуда. Курстың нәтижесінде жас жеткіншектер діни ілімнің алғашқы баспалдақтарымен танысып, имандылыққа бір қадам жақындайды десекте болады.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: