Шу ауданы “Жәми” мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай игі амал жүзеге асты. Мешіт ұжымы мен жамағаттың ұйымдастыруымен бір ірі қара құрбандыққа шалынды.
Шалынған құрбандық еттері мұқтаж жандарға таратылып, барлығы 25 отбасыға үлестірілді. Бұл – мешіт тарапынан жыл сайын дәстүрлі түрде жүзеге асатын қайырымдылық шараларының бірі.
Қасиетті мереке аясында жасалған бұл сауапты іс көптің көңілін қуантты. Жәми мешітінің имамы Алмас Кенжемолдаев шараға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтып, Алланың разылығы үшін жасалған әрбір істің сауабы мол болатынын жеткізді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.