Шу қаласындағы “Кәрібай молда” мешітінде өтіп жатқан «Имани жаз – 2025» діни сауат ашу курсының шәкірттеріне қасиетті жұма күнінің құрметіне ерекше демалыс ұйымдастырылды.
Балалар алдымен кинотеатрға барып, қызықты фильм тамашалады. Бұдан кейін көгалға серуенге шығып, табиғат аясында еркін демалды.
Бұл шара шәкірттерге қуаныш пен сергектік сыйлап қана қоймай, олардың бос уақытын пайдалы әрі көңілді өткізуіне септігін тигізді. Ұстаздары балалардың рухани біліммен қатар, жарқын естеліктер жинауын да басты назарда ұстап келеді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.