Шу ауданы Абай ауылындағы “Оспанәлі” мешітінде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қасиетті орынды көркейту мақсатында мешіттің шатыр карниздері, дәретхана мен іргетас бөлігі жаңартылып, қайта сырланды.
Жөндеу жұмыстары жамағаттың игілігі мен қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынған. Ауыл тұрғындары мен мешіт ұжымы бұл істің сауапты әрі маңызды екенін атап өтіп, құрылыс жұмыстарына атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіруде.
Мешіт – рухани тірегіміз. Оның жаңартылып, көркейтілуі — елдің имандылыққа деген ықыласын білдіретін игі қадам.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.