Шу ауданы “Жәми” мешітінің жанынан ашылған жазғы діни сауат ашу курсында тәлім алып жатқан қыз балаларға ерекше сергектік сәті ұйымдастырылды. Балалар мешіт ұстаздарының бастамасымен жергілікті бассейнге барып, көңілді демалыс өткізді.
Игі шара аясында шәкірттер тек білім алып қана қоймай, жаз мезгілінің шаттығын да сезініп қайтты. Мешіт ұстаздары балалардың рухани және тұлғалық дамуы үшін осындай демалыстың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ұстаздар тарапынан бұл шараға қолдау көрсеткен мекеме басшылығына зор алғыс білдірілді.
Жазғы діни сауат ашу курсында біліммен қатар тәрбиелік мәні бар шаралардың өткізілуі – жас буынның жан-жақты дамуына жол ашады.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.