#Шу: Жазғы діни сауат ашу курсының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйланды

#Шу: Жазғы діни сауат ашу курсының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы “Жәми” мешітінің жанынан ұйымдастырылған жазғы діни сауат ашу курсына қатысып жатқан бүлдіршіндерге ерекше сергіту сәті ұйымдастырылды. Оқу мен тәрбиені қатар алып жүрген балалар мешіт ұстаздарының бастамасымен пицца жеуге апарылды.

Бұл шараның мақсаты — балаларға қуаныш сыйлап, жазғы демалысты қызықты әрі есте қаларлық болуына үлес қосу. Балалар дәмді ас ішіп, достарымен бірге көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді.

Мешіт ұстаздары бұл тәрізді сергіту шаралары балалардың ынта-жігерін арттырып, рухани білімге деген қызығушылығын нығайтатынын атап өтті.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: