Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылы «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Қайсар Сұлтанов ауылдық мәдениет үйінде өткен «Әке – отбасы тірегі» атты дөңгелек үстелге қатысып, тақырып төңірегінде ой қозғап, уағыз айтты. Жиынға ауыл ақсақалдары және әкімшілік қызметкерлері қатысып, қоғамдағы әкенің мәртебесі, абыройы жайында пікірлерін ортаға салды.
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әке.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі