#Шу: “Жәми” мешітінде әйел-қыздар жамағаты Құрбан айтқа орай мерекелік шара өткізді

#Шу: “Жәми” мешітінде әйел-қыздар жамағаты Құрбан айтқа орай мерекелік шара өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты “Жәми” мешітінің әйел-қыздар жамағаты қасиетті Құрбан айт мейрамына орай “Құрбан айт – ұлық мереке” атты рухани-танымдық шарада бас қосты.

Мерекелік жиында жамағат бір-біріне ізгі тілектерін арнап, мерекемен құттықтап, өзара сыйлықтар алмасты.

Кездесу барысында Құрбан айт мейрамының тарихы, шариғаттағы орны, құрбандық шалудың үкімі мен сауабы туралы әңгіме үрбіді. Ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған жеңіл дастарқан мен естелік сыйлықтар шараның шырайын аша түсті.

Әйел жамағаты осындай мағыналы әрі жылы жүздесу үшін ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мұндай шаралар жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін жеткізді.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: