Шу ауданы, “Төле би” ауылындағы мешітте жазғы “Имани жаз – 2025” діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастап, жас шәкірттерге рухани білім берілуде. Бұл – балалардың жазғы демалысын тиімді әрі пайдалы өткізуге бағытталған дәстүрлі игі бастама.
Аталмыш курс аясында мешіттің білікті қариы Нұрмұхаммед Қадыров ұлдар тобымен арнайы жұмыс жүргізіп, шәкірттерге Құран әліппесін үйретіп, діни білімнің алғашқы баспалдақтарымен таныстыруда. Қари ағамыз шәкірттерге сабақты түсінікті әрі қызықты етіп жеткізу үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдануда.
Біліммен қатар, балалардың көңілді демалысына да ерекше көңіл бөлінуде. Бос уақыттарда түрлі қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылып, балалардың белсенділігі мен ынтасы арта түсті. Сондай-ақ, балмұздақтар мен тәттілер таратылып, жазғы күндердің қызығын еселеп отыр.
Мешіт ұжымы мен ұстаздар балалардың әр күні мәнді өтіп, пайдалы білім мен жарқын естеліктерге толы болуын мақсат етіп отыр.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.