Күндердін сұлтаны жұма күні “Кәрібай молда” мешіті мұқтаж бес отбасыға азық-түлік себеттерін таратып, қайырымдылық шарасын өткізді.
Шараға демеуші болған мешіт имамы Аят қажы Дыбысұлы мұқтаж жандарға көмек көрсетудің негізгі мақсатын айта кетті. Бұл игі іске жалпы 64 000 теңге қаражат жұмсалды.
Шара соңында көмек алған отбасылар мешіттің бастамасы үшін алғысын білдіріп, баталарын берді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.