Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай “Белбасар” ауылындағы мешіттің бастамасымен және “Қызылша жер” компаниясының демеушілігімен рухани мазмұнында мереке кеші өтті.
Шара аясында 150 адамға дастарқан жайылып, Құрбан айттын қасиеті жайында уағыз айтылды. Балалар үшін батут орнатылып, тәтті балмұздақ таратылып, олардың мереке қуанышын арттыра түсті.
Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында қазақша күрестен турнир өткізіліп, аудандық көлемде өткізілді. Әділ қазылар алқасы жеңімпаздарға мақтаулы қағаздар мен сыйлықтар табыс етті. Бұл бастама ұлттық дәстүрді сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау жолындағы игі жұмыстардың бірі болды.
Ауыл тұрғындары мұндай бастаманың халқымыздың рухани және ұлттық құндылықтарын нығайтуға зор пайдасын тигізетініне сенім білдірді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.