Тараз қаласындағы барлық мешіттерде “Имани жаз – 2025” діни сауат ашу курстары өз жұмысын бастады. Бұл игі бастама жазғы демалысты тиімді өткізуді мақсат еткен балалар мен жасөспірімдерге рухани тәрбие беру орталығы.
Курс аясында шәкірттерге Құран әліппесі, ислам әдептері мен дін негіздері үйретіліп жатыр. Сонымен қатар, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай арнайы бағдарламалар әзірленіп, сабақтар қызықты әрі тәрбиелік бағытта өткізіліп келеді.
Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.