Тараз қаласы “Ар-Рахман Ар-Рахим” мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орайластырып, кең көлемді қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында бір сиыр құрбандыққа шалынып, 48 отбасыға теңдей үлестірілді. Сонымен қатар, қосымша 13 қой құрбандыққа шалынды. Бұл қойлардың еті 39 отбасыға жеткізілді.
Ар-Рахман Ар-Рахим мешітінің ұжымы мен шараға үлес қосқан барша демеушілерге халық тарапынан үлкен алғыс білдірілді. Мешіт имамы Амангелді Ембергенов Құрбан айттың мән-маңызына тоқталып, бұл қайырымдылық шарасы – жыл сайын жалғасатын игі дәстүрге айналғанын атап өтті.
Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.