ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ 100 ШӘКІРТ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ 100 ШӘКІРТ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы "Һибатулла Тарази" орталық мешітінде жүректерге иман нұрын сепкен рухани шара өтті. Қасиетті Құранды жаттап, оқу деңгейіне жеткен 100 қыз-келіншек салтанатты түрде Құранға түсті.

Игі жиынды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева мен мешіт ұстазы Аружан Талғатқызы ұйымдастырды. Шара барысында жиналған жамағатқа әсерлі уағыз айтылып, жүректі тербейтін діни әндер шырқалды, Алла елшісіне салауаттар айтылды. Сонымен қатар, қойылымдар қойылып, көптің көңілін босатты.

Құранға түскен шәкірттерге тәж тағылып, ерекше құрмет көрсетілді. Қасиетті әліппені тәмамдаған шәкірттерге қари болу — Құран иесі болу жолында табандылық танытып, Алланың сөзімен өмір сүру тілек етілді.

Бұл — тек салтанатты кеш емес, рухани тәрбиенің жарқын көрінісі, иманды ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған үлкен қадам.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: