Жуалы ауданы, Қарабастау ауылдық «Билікөл» мешітінде Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі іс аясында мешіт имамы Орынбасарұлы Қуаныш демеушілік арқылы әлеуметтік жағдайы төмен 18 отбасыға 1-ірі қара мал және 1-қой еті түріндегі көмек көрсеті. Шара барысында мұқтаж отбасыларға ет салынған лакет табысталып, айт мерекесінің қуанышы мен берекесін бөлісті.
Көмек алған жандар демеушілерге ризашылық білдіріп, Құрбан айттың осындай ізгі амалдарға алғыстарын білдірді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.