Жуалы ауданы, Билікөл ауылдық округке қарасты Қарабастау ауылдық спорт алаңында ауыларалық ұлттық спорт ойындарынан сайыстар ұйымдастырылды.
Маусым айының Құрбан айттың екінші күнінде «Дін мен дәстүр» аясында түйе палуан, қазақша күрес жас балалар, арқан тарту ерлер және қыз-келіншектер, қол күресі ерлер және қыз-келіншектер және гір тасын көтеру жарысына ауыл жастары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Жиынға қатысқан жастарға, «Билікөл» мешітінің имамы Орынбасарұлы Қуаныш «Құрбан айт құрметіне арнайы өткізіліп жатқан спорт сайысын ұйымдастырудағы негізгі міндетіміз жастардың ұлы мейрамға деген құрметімен сүйіспеншілігін ояту» - дей кеде «Дін мен дәстүр» аясында келелі насихат жүргізлі. Пайғамбарымыз хадисінде: «Балаларыңды, суда жүзуге, садақ атуға, балуандық күрес өнеріне тәрбиелеңдер», – деген ұлағатты өсиетін жеткізді.
Дүркіреп өткен бұл сайыстар да өз мәресіне жетті. Имам барша қатысушыларға құрметпен алғыс білдіріп, дүбірлі додада озып шыққан қатысушыларды жүлделі бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.