Жуалы ауданы, Қарабастау ауылында Құрбан айт қарсаңында мешіт жамағаттары арасында волейбол және шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті. Бұл жарыс Құрбан айт күніне орайластырылып ұйымдастырылды. «Билікөл» мешітінің имамы Орынбасарұлы Қуаныш көпшілікке «Жастар және отбасы» аясында отанға қызмет ету, ынтымақтастық турасында келелі уағыз айтып өтті.
Демеушілік арқылы өткен волейбол және шағын футбол турниріне 4 команда қатысты. Футбол ойыны Қарабастау ауылдық мектеп спорт алаңында өтті Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен марапатталды. Келесі Құрбан айт мерекесіне, отанымыз тыныш, бірлігіміз бекем болып, аман есен жетейік деп дұға жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.