Жуалы ауданы, Қарабастау ауыллдық «Билікөл» мешітінің имамы Орынбасарұлы Қуаныштың бастамасымен өткізілген шара аясында 300-ге жуық балаға тегін сусындар, балмұздақтар, жүгері таяқшалары, картоп қатырмалары, қант мақтасы сияқты дәмді заттар таратылды. Мешіт аумағында балалардың еркін ойнап, демалуына арнайы үрлемелі батут қойылып, ойнауға мүмкіндік жасалды.
Балаларға арналған бұл шарада арнайы ойын алаңдары әзірленіп, бүлдіршін балалар үшін түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Алдағы уақытта осындай игі шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп, жалғасын табатын болады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.