#Шу: РАНТ мүшесі “Әбу-Бәкір Сыддық” мешітінде

#Шу: РАНТ мүшесі “Әбу-Бәкір Сыддық” мешітінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұлов Шу ауданына арнайы сапармен келіп, “Әбу-Бәкір Сыддық” мешітінің жамағатымен кездесті. Жылы жүздесуде елдің рухани тынысын сездірген тағылымды уағыздар айтылды.

Дастархан басында өткен кездесуде дін маманы биылғы «Отбасы және ислам құндылықтары» жылы аясында имандылықтың, отбасылық тәрбие мен құндылықтардың маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, уағыз барысында қазіргі қоғамда өзекті болып отырған жат ағымдардың зияны мен оның алдын алу жолдары туралы да маңызды мәліметтер мен ескертулер берілді.

Мешіт жамағаты өз кезегінде сұрақтарына тұшымды жауап алып, қонаққа алғысын білдірді.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: