Қордай ауданы, Масаншы ауылындағы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының 2025 жылғы түлектері қарилық орталықпен қоштасты. Кешке арнайы шақырумен келген ауданның бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы шәкірттерге ізгі насихатын айтты. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Кімде-кім білім алу мақсатында жолға шығатын болса, Алла оның жәннатқа апарар жолын жеңілдетеді», (имам Мүслим) деген хадисін тілге тиек еткен бас имам шәкірттердің ілім сапарларының соңына жеткендігімен құттықтап, батасын берді.
Кеш қарилық орталық директоры Саламат Салимұлының және орталық ұстаздарының насихаттары мен ізгі тілек-дұғаларымен жалғасты. Түлектерге білімін растайтын сертификаттары табысталды. Сонымен қоса орталық ұстаздарына сый-сияпаттар мен алғыс хаттар берілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі