«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде мектеп оқушыларына арналған «ИМАНИ ЖАЗ – 2025» жазғы діни сауат ашу курсы ресми түрде басталды.

Ашылу салтанатында Бас имам Асқар Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, балаларға діни білім алудың маңызын түсіндіріп, оқу-білімге деген ынталарын арттыратын өнегелі ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, бұл курстың олар үшін рухани кемелденудің алғашқы баспалдағы болатынын атап өтті.

Алғашқы күннің өзінде балалар дәріс тыңдап, алғашқы имани білімдерін ала бастады. Жазғы курста оларға Құран әліппесі, намаз негіздері, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаяны және адамгершілік-ахлақ тақырыптарында сабақтар жүргізіледі. Сабақтар қызықты форматта өтіп, түрлі тәрбиелік ойындар мен іс-шаралармен толықтырылады.

Биылғы «ИМАНИ ЖАЗ – 2025» курсына ата-аналардың өтінішімен 135 бала қабылданып, олар жазғы демалысын пайдалы әрі мағыналы өткізуге ниет білдіріп отыр. Олардың ішінде 75-і ұл бала, 60-ы қыз бала. 

Бұл бастама жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені қалыптастыруға бағытталған.

 "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: