Арапа күніне орай мешіт жамағаты үшін тағылымы мол, рухани азыққа толы іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында арнайы айлық дастархан жайылып, жиналған халыққа уағыз-насихат айтылды.
Имамдар Құрбан айттың маңыздылығы, құрбан шалудың шарттары мен сауабы туралы кеңінен түсіндіріп, жамағатты ізгі амалдар жасауға үндеді. Сондай-ақ, қатысушыларға Құрбан айт мерекесіне қатысты ақпараттық брошюралар таратылды.
Мешітке жиналған жұртшылық бірліктің, мейірім мен жанашырлықтың айғағындай әсер алып, өз ризашылықтарын білдірді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



02 Ақпан 2026
14 Шаабан 1447

