Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Амангелді ауылындағы “Амангелді” мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі іс аясында әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасыға азық-түлік түріндегі көмек көрсетілді. Шара барысында отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік табысталып, айт мерекесінің қуанышы мен берекесі бөлісті.
Көмек алған жандар демеушілерге ризашылық білдіріп, Құрбан айттың осындай ізгі амалдарға себеп болуына тілектестік білдірді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



15 Қараша 2025
24 Джумада-авваль 1447

