Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық мешіті ауласынан құдық қазылып, су көзі ашылды. Мешіт қызметіне берілетін қайнар көзден құлшылық қылуға келген жамағат ниет қылып, дәрет алатын болады.
«Су тіршіліктің көзі!», демекші игі іске атсалысқан ауыл имамы мен жамағатына Алла разы болғай!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі