ТАРАЗДА ҚҰРБАН ШАЛУ РӘСІМІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТАРАЗДА ҚҰРБАН ШАЛУ РӘСІМІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айттың басты рәсімдерінің бірі — құрбандық шалу Тараз қаласында ұйымшылдықпен атқарылып жатыр. Қаланың екі бірдей арнайы белгіленген қасапханасында ҚМДБ сертификатына ие кәсіби қасапшылар мал сою рәсімін шариғат талаптарына сай орындауда. Бұл іске мешіт имамдары, ҚМДБ «Халал Даму» мен «Зекет және қайырымдылық» бөлімдерінің мамандары да белсене атсалысуда.

Құрбандық еті алдын ала жасалған мұқтаж отбасылар тізімі бойынша үлестірілуде. Ерікті жандардан құралған көмекші топтар етті аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік жағынан осал отбасылардың шаңырағына жеткізуде. Бұл — Құрбан айттың адамгершілік пен мейірімділікке шақыратын мәнін айшықтай түсетін игі амал.

Облыстың бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Жамбыл жұртшылығын мүбәрак мерекемен құттықтап, Құрбан айттың ел бірлігін арттырып, жүректерге имандылық ұялататын ұлық мереке екенін атап өтті.

Ұлт руханиятын ұлықтаған Құрбан айт — бауырмалдықты бекемдейтін, сауап пен жақсылыққа жетелейтін берекелі мейрам. Айта кетейік, Құрбан айт мейремы 4 күнге жалғасады. Оның алғашқы 3 күні құрбандық шалынып, еті тарқатылмақ. Игі істі ниет еткен барша мұсылман қауымның Алла амалын қабыл етсін!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: