#Тараз: «Құрбандық 2025» Тараз қаласында имамдардың қатысуымен жиналыс өтті

#Тараз: «Құрбандық 2025» Тараз қаласында имамдардың қатысуымен жиналыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында «Құрбандық 2025» аясында имамдардың қатысуымен арнайы жиналыс өтті. Басқосуды қалалық бас имам Ержан Аманбаев дін мамандарына Құрбан айт мейрамына байланысты атқарылатын жұмыстарды жан-жақты пысықтады.

Бас имам жиналыста мал сою тәртібі, санитарлық талаптар, құрбандық шалу кезінде діни рәсімдердің орындалу реті мен қауіпсіздік шараларын талқылады. Сонымен қатар, халыққа дұрыс діни ақпарат жеткізу, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру және жамағатпен жүйелі жұмыс жүргізу мәселелері де көтерілді.

Имамдар алдағы айт мерекесін жоғары деңгейде өткізу үшін бірлесіп еңбек етуге уағдаласты. Жиналыс қорытындысы бойынша нақты жоспар түзіліп, әр мешітке тиісті міндеттер жүктелді.

Құрбан айт — мейірім мен ізгіліктің мейрамы. Осыған орай дін қызметкерлері халықты ауызбіршілік пен игілікке шақырып, әр отбасыға береке тіледі.

Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: