Тараз: Еріктілерге арналған семинар өтті

Тараз: Еріктілерге арналған семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт мерекесіне орай Тараз қаласының бас имамы “Зекет және қайырымдылық” қоры бойынша өкілі Ержан Аманбаев еріктілерге арналған арнайы семинар жүргізді. Жиын барысында мереке күндері еріктілер атқаратын негізгі міндеттер мен жауапкершіліктер жан-жақты талқыланды.

Семинарға қатысқан жастарға құрбан шалу орындарында тәртіп сақтау, қонақтарды қарсы алу, әлеуметтік көмек көрсету және ақпараттық қолдау сынды қызметтер бойынша нақты нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мен қауіпсіздік ережелері де кеңінен түсіндірілді.

Ұйымдастырушылар еріктілердің белсенділігі мен жанашырлығын ерекше атап өтіп, бұл игі істе олардың үлесі зор екенін жеткізді.

Құрбан айт — тек діни мереке ғана емес, мейірім мен жанашырлықтың көрінісі. Еріктілердің бұл бағыттағы еңбегі — қоғамға деген үлкен жауапкершіліктің белгісі.

Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: