Шу ауданы әкімдігінде аудан имамдары, ауыл ақсақалдары және жауапты мекеме өкілдерінің қатысуымен Құрбан айт мерекесіне дайындыққа арналған кеңейтілген жиналыс өтті.
Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) тапсырмасы негізінде Құрбан айт кезінде атқарылатын шаралар кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, санитарлық талаптарды сақтау, құрбандық малдарын сою тәртібі, мал бағасын негізсіз қымбаттатпау және әлеуметтік әлжуаз отбасыларға көмек көрсету мәселелері пысықталды.
Аудан имамы Алмас Кенжемолдаев Құрбан айт мерекесіне орай аудан мешіттері берекелі мейрамды қарсы алуға дайын екендігін, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Жиналыс қорытындысы бойынша нақты жоспар түзіліп, әр мешітке тиісті міндеттер жүктелді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.