31 мамыр – саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Сол себепті Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде аудан бас имамы Азамат Берікұлы ел үшін, жер үшін құрбан болған шахидтарды еске алып жиналған жамағатқа насихат айтты.
Іс-шара соңында мешіт қызметкерлері мен жамағат жазықсыз құрбан болған марқұмдардың рухына Құран – дұға бағыштап, Алладан ел амандығын мен жұрт тыныштығын тіледі.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі