ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАСАЛДЫ

ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде 31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ орай арнайы Құран хатым оқылып, ел тарихындағы қаралы кезеңде жазықсыз жапа шеккен азаматтардың рухына дұға бағышталды.

Игі іс-шараға мешіттің дін қызметкерлері мен жамағат қатысты. Алаш ардақтылары мен Кеңес өкіметінің озбыр саясатының салдарынан шейіт болған мұсылман бауырларымыздың рухына арнап Құран аяттары оқылды.

Шара барысында имамдар ата-баба аманаты, тарихи жады және ұлттық бірегейлікті сақтау жөнінде тағылымды уағыз айтып, келешек ұрпақтың бұл күнді естен шығармауы керектігін тілге тиек етті.

Бүгінгі ұрпақ — сол боздақтардың аманатын арқалаушы. Өткеннің ауыр сабағынан тағылым алып, тәуелсіздіктің қадірін білу — әрбір азаматтың парызы.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: