Меркі: «Әл-Бақи» мешіті халық игілігіне берілді

Меркі: «Әл-Бақи» мешіті халық игілігіне берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Меркі ауылы тұрғындары көптен күткен қуанышына қол жеткізіп, «Әл-Бақи» мешітінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, Меркі ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы, сондай-ақ жергілікті ауыл әкімі мен ауыл ақсақалдары және ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Меркі ауылының тұрғындарын мешіт ашылуымен құттықтап,  арнайы мешітке сыйлығын табыстап, мешіт құрылысының бас қасында жүрген ағаларымызға алғысын білдіріп, мешітке жаңадан тағайындалған Абдрахманов Азамат имамды таныстырып, қызметінде абырой, бедел тіледі.

Ашылу салтанатынан кейін облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы  жұма уағызы айтып, артынша алғашқы азан шақырылып, жамағатпен жұма намазын оқыды. Жиналған қауымға арналған дастархан жайылып, ас берілді. Дастархан басында өкіл имам Асқар Зәкіржанұлы мешіт салудың, оған қарайласып жүрудің сауапшылығын уағыздады. Соңынан ел ақсақалдары сөз сөйлеп, мешіт ашылуымен құттықтады.

Облыстан ат терлетіп келген өкіл имам  Асқар Зәкіржанұлына және және ақсақалдарға халық шапандарын жауып алғыстарын білдірді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары өздерінің ізгі тілектерін білдіріп,  осы істің басы қасында жүрген азаматтарға алғыстарын білдірді.

"Осындай игі іске қол ұшын созып жатқан жомарт жандарға ізгі ниетімізбен алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала қызметтерінде абырой бедел берсін. Демеушілік жасап жатқан бауырларымызға Алла разы болсын!" - дейді ауданның бас имамы.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: