“Танта баба” мешітінде жамағатқа арналған қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс аясында 150 адамға тегін тағам таратылып, жұртшылыққа жылы көңіл мен құрмет көрсетілді.
Бұл – тек ас беру емес, жүректен шыққан мейірім мен бірліктің белгісі. Қайырымдылық – адамдықтың айнасы. Осындай сауапты амалдар қала тұрғындарының көңілінен шығып, ризалықтарын жеткізді.
Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.