Жуалы: Нұрлыкент ауылында аудандық волейбол жарысы өтті

Жуалы: Нұрлыкент ауылында аудандық волейбол жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Екі дүркін "Қызыл Жұлдыз" орденінің иегері Пернебай Әбдіхалықұлы Байғұтовты еске алуға арналған аудандық волейбол турнирі Нұрлыкент ауылында ұйымдастырылды.

Турнирдің мақсаты — елге еңбегі сіңген ардагер тұлғаны еске алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және волейбол спортын дамыту.

Аталған жарысқа ауданымыздың әр ауылынан алты команда қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, командалар арасында тартысты ойын өрбіді. Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: