ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА ҚАСАПШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА ҚАСАПШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт мейрамына дайындық аясында Таразда облыстық “Һибатулла Тарази” мешітінде қасапшыларға арналған оқу-семинары өтті. Әуелі республика бойынша өткен «Қасапшылық жауапты һәм сауапты іс” атты шараға мамандар онлайн форматта қатысты. Семинардың жалғасы Жамбыл өңірінде дәстүрлі форматта өткізіліп, облысқа қарасты қасапшыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Семинар барысында құрбандық шалудың шариғатқа сай орындалуы, халал стандарттардың сақталуы, санитарлық талаптар және қасапшылық кәсіптің діни, адами жауапкершілігі жан-жақты сөз болды.

Шараға ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Жамбыл облысы бойынша жауапты технолог маманы Аблайхан Ғабитұлы қатысып, қасапшылықтың кәсіби қана емес, рухани тұрғыдан да маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, құрбандық – тек шариғи рәсім емес, пенденің ықыласы мен ниетін білдіретін құлшылық түрі.

Ұйымдастырушылар бұл семинардың мақсаты – Құрбан айт кезінде халыққа шариғат талабына сай, санитарлық тұрғыдан қауіпсіз әрі сапалы қызмет көрсету екенін айтады.

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: