Жуалы ауданы, Билікөл ауылдық округіне қарасты Қарбастау ауылында самбодан КСРО спорт шебері, ел мақтанышы Кашкев Бекберді Еркебайұлын еске алуға арналған қазақ күресінен турнир өтті. Додаға 2010-2011 жылы дүниеге келген жасөспірім палуандар қатысып, боз кілемде бақтарын сынады.
Ауылдық деңгейде бастау алып, аудан көлеміне ұласқан бұл жарыс қазақ күресін дәріптеу мен жас жеткіншектерді ұлттық спортқа баулуға бағытталған. Турнир барысында жас палуандар намыс пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңында жарысты ұйымдастырған отбасы мен ауыл тұрғындарының атынан Кашкев Бекберді Еркебайұлына арналып ас берілді. Жиналған жұрт марқұмға дұға бағыштап, өнегелі өмірін еске алды.
Ел ерін ұмытпайды. Батыр ұлдың есімін ұлықтау — ұрпақ алдындағы борыш. Бұл турнир соның жарқын дәлелі.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.