ҚМДБ РАНТ мүшесі Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішев аудан дәрігерлерімен кездесті. Жиын Қордай аудандық орталық ауруханасында өтті. Сөз бастаған ауданның бас имамы А.А.Егизбаев қатысушыларға қонақты таныстырды. Жоғары білімді маман өз сөзінде ауырып ем іздеп келгендер кісіге жұмсақ мәміле танытып, қолдан келген жәрдемін аянбай төгу сауапты істердің қатарынан екендігін жеткізді.
Құран Кәрімде Алла Тағала "Мәйдә" сүресінің 32 аятында: «Сондай-ақ кім біреуді өлімнен құтқарып қалса, бүкіл адамзатты өлімнен құтқарып қалғандай болады» деп бұйырады. Жиын соңында ақ халатты абзал жандар саналатын дәрігерлеріміз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пұшымды жауап алды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі