Уақып бұл - Алла разылығы үшін белгілі бір мүлікті қайырымдылық жолына арнау немесе бағыштау. Құранда «Ей, иман келтіргендер! Маңдай терлеріңмен тапқан малдарыңды және біздің сендер үшін жерден шығарғандарымызды Алла жолында сарп етіндер!» ((Бақара, 267 аят).
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешітінің имамы Кеулімжаев Нұрмұхамед мешіт жамағатына «Уақып қоры» жайында насихат айтты. Мешітке келушілірге аталмыш қорды барынша түсіндіріп, Аллаға жақындататын ең қайырлы істердің бірі екенін тілге тиек етіп айтып өтті.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі