ҚМДБ РАНТ мүшесі Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішев Жамбыл облысы, Қордай ауданы «Береке» гуманитарлық уолледжі студенттерімен «Жастар арасындағы стресске төзімділік» атты тақырыпта кездесу өткізді. «Жамбыл облысы, Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік басшысы Қабылтай Танат Үсеналыұлы РАНТ мүшесін колледж мұғалімдері мен шәкірттеріне таныстырды.
Қуаныш Әбішев кездесу барысында қазіргі қоғамдағы психологиялық күйзелістер, оның себептері мен шешу жолдарын, Ислам дінінің сабыр мен төзімділікке шақыратындығын тілге тиек етіп айтып өтті. Жастарға суицид – қиындықтан құтылудың жолы емес екендігінде нақтылап түсіндіріп берді. Студенттерде өз ойларын ортаға салып, діни маманға аталмыш мәселелер жайында сұрақтарын қойып бірге талқылады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі