Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты мешіт дін қызметкерлері Шарбақты ауылында пиник ұйымдастырды. Демалысқа арнайы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының бас имамы Құттыбаев Даурен Нұржанұлы арнайы шақырылды.
Ақ дастархан жайылып, Аудан бас имамы сөз бастап артынша басқа да имамдар сөз сөйлеп, отырысты ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Өзара, футбол, волейбол және садақ ату ойындары ойнатылып, демалыс берекелі әрі қызықты өтті.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі